ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-министрі Асқар Маминді қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Elbasy.kz ресурсына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндады.
Сондай-ақ, кездесуде А.Мамин жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шаралары туралы айтып берді.