1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады

0 0

Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет», — деді Президент.

Осы орайда Мәмлекет басшысы барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды екенін қадап айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.