Ертең кей өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

0 0

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2 маусымда Ақмола облысын ы ң кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Көкшетау қаласын да найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы — 15-20 м/с.

Ертең Н ұр-Сұлтан қаласын да күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел қарқыны — 15-18 м/с. 2 маусымда күндіз Қызылорда облысында 44 градус аптап ыстық болады.

2 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан сощққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

2 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық болады. Ертең күндіз Атырау қаласында 35-37 аптап ыстық болады.

2-4 маусым күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде және облыс орталығында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.