Ауруханаларға 3 млрд теңгенің медициналық препараттары таратылуда

0 10

Еліміздің ауруханаларына құны 3 млрд теңге болатын медициналық препараттар таратылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews”  АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Вице-министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға құны 3 млрд теңгеге жуық медициналық препараттарды тарату жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар 3 айға қажетті резерв құру үшін отандық өндірушілерден және импорттаушылардан дәрілік заттар сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Алдағы уақытта науқастардың болжамды саны бойынша бірыңғай дистрибьютор барлық ауруханаларды жыл соңына дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қоймаларды толтырады», — деді Людмила Бюрабекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.