Пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төленеді

0 4

Қазақстандық медицина қызметкерлері вирусты пневмония жұқтырған жағдайда әлеуметтік өтемақы алады, — деп хабарлайды “ZhambylNews”  АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы мәселе «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістерде айтылған.

Ереже COVID-19 – коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері егер олар клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар, COVID-19 — коронавирус инфекциясы белгілеріне ұқсас инфекцияны жұқтырған және содан қайтыс болған жағдайда бірыңғай әлеуметтік төлем жүргізуді көздейді.

«Бірыңғай әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүргізіледі. Атап айтқанда — COVID-19 – коронавирус инфекциясын жұқтырған, вирусты пневмониямен ауырған жағдайда – 2 миллион теңге беріледі. Ал COVID-19 – коронавирус инфекциясынан немесе вирусты пневмониядан қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге беріледі», — делінген құжатта.

Төлем COVID-19 коронавирус инфекциясы, вирусты пневмониямен жұқтыру фактісі анықталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының жазбаша түрде берген ақпараттарының негізінде жүзеге асырылады. Осылайша медициналық қызметкерлердің тізімі жасалады.

Өзгертілген бұйрықтың толық нұсқасын мына сілтемеден көруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.