Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу керек

0 5

Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу керек. Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Әшірбаев айтты, — жазады “ZhambylNews” АА.

Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша хабарлаған тұлғалар саны 2019 жылы 6 айында 8 азамат болса, биылғы жылы 14 азамат хабарлап оларға 2,1 млн. теңге көлемінде сыйақы төленді. Бұл азаматтардың біздің қызметке деген орасан сенімнің белгісі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және оған қарсы тұру, бұл кез келген азаматтың міндеті. Сол себептен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сіздердің әрқайсыларыңызды бұл індетпен күресуге және оған қарсы тұруға шақырады, — деді өз сөзінде Ә.Әшірбаев.

​Сондай-ақ соңғы үш айда елімізде қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Агенттіктің бастамасымен онлайн түрде жүзеге асырылатын «Antikor live» жобасы іске қосылған болатын. Аталған жоба аясында 60 спикердің қатысуымен әр түрлі тақырыпта 88 тікелей эфир ұйымдастырылаған.

Сонымен қатар, адвокаттар, нотариустер және сот орындаушылары қатарынан құрылған заңгерлер «Adal komek» жобасы аясында 13 акция ұйымдастырылып, 50-ге тарта азаматтарға құқықтық көмек көрсетілсе, онлайн форматта 39 рет тікелей эфирде құқықтық кеңес берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.