Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты түсініктеме берді.
Тоқаев өлім жазасынан бас тарту туралы екінші факультативті хаттамаға қосылу Конституцияға толық сәйкес келетіндігін атап өтті.
«Негізгі заңға ешқандай өзгерту енгізудің қажеті жоқ, өйткені өлім жазасы біздің тұңғыш президентіміз жариялаған мораторийде қарастырылған және шын мәнінде өлім жазасы біздің елде жоқ», — деді президент.
Айта кетейік, 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Біріккен ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қол қойды.
2003 жылы президент бұл жазаны қолдануға мерзімсіз мораторий енгізген болатын.