Шығыс Қазақстан облысына кіреберісте блокбекеттер орнатылады. Бұл туралы ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а. Талғат Тұңғышбаев мәлімдеді, деп жазады “ZhambylNews” AA.
Блокбекеттер 1 қарашада орнатылатыны хабарланды.
«Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, бір тәулік ішінде өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 болып отыр.
⠀
Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері — тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сондай-ақ шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары болып отыр.
⠀
Осыған байланысты ҚР Үкіметінің келісімі бойынша 2020 жылғы 1 қарашадан бастап ШҚО-ның сыртқы шекараларында блокбекеттерді енгізе отырып, шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмірінің жағдайларына шектеу шаралары енгізіледі.
⠀
Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалда өңір басшылығы Өскемен қаласы мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз», — делінген хабарламада.