Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

0 14

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2020 жылдың 23 қазанындағы қаулысына өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер мынадай өзгерістер енгізді:

— Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеу;

— ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.

Қаулыда 1 тармақтың 1 тармақшасында «өткені туралы» деген сөздер «тесттің теріс нәтижесі бар» деген сөздермен ауыстырылатыны да жазылған.

Құжаттардың толық нұсқасы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында, сондай-ақ мына сілтемеден таныса аласыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.