Bank RBK-дағы жымқыру ісі: Алматыда Жомарт Ертаевқа қатысты үкім шықты

0 1

Алматыда Жомарт Ертаев пен Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты үкім шықты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Сот үкімімен экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды.

Мұның алдында прокурор Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Мемлекеттік айыптау Ертаев кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары барын ескерген.

Айта кетейік, осы іс бойынша 37 адам сот алдына келді. Прокурор олардың 36-сын кінәлі деп тануды сұрады. Сотталушылардың бірі қайтыс болды.

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот өткен жылдың аяғында басталған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.