17 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы кірді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ал «сары» аймаққа Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. Қалған өңірлер — «жасыл» аймақта.
Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.