Бүгін «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Баршаңызға мың алғыс» атты әдеби әуенді кеш өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Іс–шара елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жүзеге асты.
Кешке Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнер» бөлімінің басшысы Асхат Тажаяқов, «Неміс» этномәдени орталығының жетекшісі — Валерий Рихтер қатысты.
Іс-шараға Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының «Көңілашар» үштігі «Таласым» әнін, Ермек Исатаев «Бір ел болса» әнінін айтып жырдан шашу шашты, К.Марк атындағы орта мектептің мұғалімдері Амина Әлиева К.Ахметованың «Мұң» өлеңін, Зарина Семенова М.Мақатаевтың «Ей, Өмір» атты өлеңін тебіренте оқыды.
Сондай-ақ, жоба аясында «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында «Бір шаңырақ астында» атты байқау, Бостандық ауылдық кітапханасында Ұлыстың ұлы күніне орай «Береке, бірлік бастауы – Наурыз» атты «Жайлау» күні аталып өтті. Ақкөл ауылдық кітапханасында өскелең ұрпаққа халқымыздың әдеп-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеуге баулу және қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру мақсатында «Наурыз жыл басы» атты салт-дәстүр кеші ұйымдастырылды.