ҚР МҚІА тексеру қорытындысы бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері жауапкершілікке тартылды

0 16

ҚР МҚІА тексеру қорытындысы бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бақылау функциясы аясында ҚР МҚІА және оның аумақтық департаменттерімен 202 бақылау шаралары, оның ішінде 54 – бақылау объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және 148 — жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Тексерулер қорытындысы бойынша анықталған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама бұзушылықтарды, оларды жасау себептері мен жағдайларын жою бойынша 125 ұйғарым енгізілді, оның 97-сі орындалып, 25-і орындалу үстінде.

Тексеріс нәтижелері бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер — 76, орталық мемлекеттік органдар — 54)Олардың 25 % астамы қызмет берушілердің басшылығына тиесілі екендігін атап өту қажет.

        ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.