Коронавирус індетінің таралу қауіпінің алдын алу мақсатында Т.Рысқұлов ауданындағы 38 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталу жұмыстары жөнінде семинар өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысымен білім қызметкерлеріне атап айтқанда, педагогтар мен оқушылары күнделікті мектеп ғимаратына кіргенде санитарлық сүзгіден, сынып бөлмелерінде оқушылардың ара қашықтығын сақтау, оқушылар мен педагогтардың және басқа да қызметкерлердің бетпердемен жүруі, оқушылардың дәліздегі және сынып бөлмелеріндегі қозғалысын реттейтін сигналды жолақшалардың болуы, бір сынып бір мұғалім қағидасының сақталуы, т.б. толығымен таныстырылған болатын.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін 38 мектеп ағымдағы жылы аудандық білім бөлімінің 19 наурыз күні №174 бұйрығы шығарылып, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық қағидаларын орындалу» тақырыбында Т.Рысқұлов атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен білім бөлімінің қызметкерлермен мектеп директорлары, медициналық қызметкерлер, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарларына арналған арнайы онлайн режимде семинар сондай-ақ, ата-аналарға арналған «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысын онлайн режимінде zoom платформасында өткізілді.
Жиналысқа мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағалары, мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологтары қатысты.
Айта кететіні, күні бүгінге дейін ауданда індетке қарсы 1213 білім саласының қызметкерлері екпе алды. Оның ішінде 38 басшы, 920 педагог және кіші қызметкерлер бар. 516 қызметкер денсаулығына байланысты екпе салуға болмайтындығы анықталды (созылмалы аурулары бар, аяғы ауыр және бала емізетіндер).
Білім беру ұйымының қызметкерлері мен білім алушыларының денсаулығы жөніндегі мәлімет күнделікті тексеріліп, бақылауға алынып отыр.