Актриса Әсел Асқар коронавирус жұқтырып алды

0 116

Отандық танымал актриса Әсел Асқардың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп жазады Zhambylnews.kz AA.

Әсел Асқар бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Актрисаның сөзінше, ол тест тапсыру үшін үйіне арнайы мамандарды шақыртқан. Бірнеше сағаттан соң, тестің нәтижесі белгілі болған. Өнер иесінің ағзасынан коронавирус анықталды. Бұл жайт оның көңіл күйін қатты түсіріп тастаған. Ол тіпті әйелдер қауымына жүргізетін курсын өткізе алмай, оны кейінге қалдырған.

«Бұл індет те мені айналып өтер деп ойлап едім. Болмады. Менен коронавирус анықталды. Бірақ, мен қате кеткеніне әлі де үміттенемін. Ертең басқа зертханада тағы да тест тапсыратын боламын. Өйткені, Айбек «Сен жұқтырып алсаң, мен де коронавирус болуым керек қой. Демек, біз екі апта бойы үйде оқшаулану керепіз» деді. Оның да көңіл күйі түсіп кетті. Себебі, біздің жұмысымыз, жоспарымыз өте көп. Жылағым келіп отыр. Оның үстіне қатты әлсіреп тұрмын» , — деді Әсел Асқар. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.