10 жыл. Айгүл Иманбаева маңызды мәлімдеме жасады

0 42

 

Қазақ эстрадасында өзіндіу орны бар әнші, актриса Айгүл Иманбаева 10 жылға шетелге кетпек. Бұл туралы, опмай-опмай бағдарламасына сілтеме жасаған zhambylnews.kz порталы хабарлайды. 

— 2020 жылдың жазында бір айға оқуға кететін адам едім. Құжаттарымның барлығын дайындап шетелге университетте білім алуға бара жатқан едім. Бірақ болмай қалды», — деді Иманбаева. Әнші ағылшын тілін үйреніп жүргенін, діттеген жеріне бара алмаса да екінші деңгейге өткенін жария етті.

Сонымен қатар, ол алдағы жоспарларының барлығы айқын екенін, алайда барлық ақпаратты жайып салғысы келмейтінін жеткізді.

— Америка Құрама Штаттарына он жылға виза реттеп жатқан жайым бар. Ол жұмысыммен да, жеке өміріммен де байланысты. Сол себепті ағылшын тілін үйренуім керек. Тілді нақты қажеттілік болғаннан кейін меңгеріп жатқан жайым бар, — деді өнер иесі. Иманбаеваның сөзінше, ең жеңіл тіл ағылшын тілі екен.

— Неге бүкіл әлем ағылшынша сөйлейді десем, расында өте жеңіл тіл екен. Тек етістіктерін жалғап отырасың, әйтпесе түк те қиындығы жоқ екен. Бастысы адамда ниет болса, тезірек үйреніп алады, — деді қазақ эстрадасының танымал өкілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.