Неге біздің шоколад жегіміз келе береді?

0 5

Егер сіздің  шоколад жегіңіз келсе, демек, күйзеліс деңгейі нормадан тым жоғары деген сөз. Шоколад — бұл антидепрессант, сондықтан сіз өзіңізге көңіл бөліп, жүйке жүйесін тынықтыруды ойлаңыз.

Егер сізді бәліштер мен тәттілер қызықтырса, бұл көмірсулардың жетіспеушілігін білдіреді. Тәулік бойы көмірсуларды жеткілікті мөлшерде тұтынуды үйреніңіз. Диетаға дәнді дақылдар, макарон, қоңыр күріш пен жемістерді енгізуді ұмытпаңыз.

Егер сіз жаңғаққа құмартсаңыз, ағзаға Е дәрумені қажет. Қоспасыз шикі жаңғақтарды таңдаңыз (үстіне тұз, карамель немесе шоколад қоспасы болмағаны абзал). Бадам, кешью, грек жаңғағын таңдағаныңыз дұрыс.

Егер сіздің сүтке немесе сүт өнімдеріне аңсарыңыз ауса, рационыңызда кальцийдің жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Мұндай жағдайда сүзбе, йогурт, ірімшік және күнжіт сіздің негізгі көмекшілеріңіз бола алады.

Егер сіз балық жегіңіз келсе, бұл ағзада А және Д дәрумендерінің жетіспейтіндігі туралы сигнал. Аптасына бірнеше рет күн астында серуендеп, теңіз өнімдерін жеп көріңіз. Балық ми мен жүйке жүйесіне де өте пайдалы.

Кофе ішуге деген құштарлық денені ояту қажет болғанда ғана пайда болмайды. Кейде бұл ақуыздың жетіспеушілігінің белгісі. Ет, балық және теңіз өнімдері күнделікті тұтынып жүріңіз.

Ағзаңызды мұқият тыңдаңыз. Уақытында оның сигналдарын тануды үйреніп, денсаулықты сақтауға мән беріңіз.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.