Халықаралық функционалдық тренинг федерациясының мүшесі, халықаралық конгрестер спикері Ирина Гармаш арықтаудың тиімді жолын айтты.
Сонымен, салмақ тастаудың тиімді стратегиясы — аш қарынға жаттығу жасап, таңғы асты өткізіп жіберу. Мақсаты: ас қорытуға күшті аз жұмсау және май алмасуын «қозғау».
Ұлыбритания ғалымдар тобы эксперимент жүргізіп, егер адам таңғы асқа дейін жаттығу жасаса, ағзадағы майды 20% -ға көп ерітуі мүмкін екенін көрсетті.
Факт: таңертең аш қарынға жаттығу жасау сіздің жаттығу өнімділігіңізді арттырады.
British Journal of Nutrition журналында жарияланған тағы бір зерттеуде доктор Эмма Стивенсон мен аспирант Хавьер Гонсалес аш қарынға жаттығулар жасайтындардың тәулік бойы тәбеті болмайтынын анықтады. Бұл қатысушылар қалған спортшылармен салыстырғанда май тінін 20% -ға көп жойған.
Нәтижелердің мұндай айырмашылығының себебі таңғы ас ішпеген адамдаржаттығуды бастаған кезде қандағы қант деңгейі төмен болады. Тиісінше, инсулин шығарылмайды, және бұл майдың жиналуына ықпал ететін ферменттердің өндірілуіне жол бермейді, сонымен қатар майды ыдыратады. Әрине, бұл ерте тұрған адамдар үшін жақсы жаңалық.
Аш қарынға жасалған жаттығуларының артықшылығы:
— Аш қарынға жаттығу жасау салмақ жоғалтуға көмектеседі;
— Метаболизм үдерістерін тездетеді;
— Ұй қы режимін реттейді.
Алайда, ғалымдар алған оң нәтижелерге қарамастан, кей сарапшылар аш қарынға жасалған жаттығудың пайдасынан зияны көп деп есептейді. Сондықтан, егер сіз аш қарынға жаттығу жасау туралы шешім қабылдасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз. Және өзіңізге тым жоғары планка қоюға тырыспаңыз, бәрін сүйіспеншілікпен және баппен жасаңыз.
Ұйықтауға жеткілікті уақыт бөлуді, дұрыс тамақтануды және денені шамадан тыс жүктемеуді ұмытпаңыз. Жаттығулар тұрақты жасалуы керек. Есіңізде болсын, семіздік, оны тудыратын себептер сияқты (әрекетсіздік пен артық тамақтану) денеде қартаю процесін тездетеді. Артық тамақтануға бейімділік артериялық гипертензияның пайда болуына, жаман холестерин деңгейінің жоғарылауына және иммунитеттің төмендеуіне ықпал етеді. Бұл өз кезегінде атеросклерозға және метаболизмның нашарлауына әкелетін процестерді тудырады. Сондықтан көп тамақтанудан бас тартыңыз. Себебі артық салмақ қосқан кезде, одан құтылу әдетте өте қиынға соғады. Артық қоректік заттар май жасушаларында висцеральды май түрінде жиналады.
Сіздің денсаулығыңыз — сіздің байлығыңыз. Ол сіздің көңіл-күйіңіз әрқашан жоғары деңгейде болуының кепілі. Сондықтан оны басты назарда ұстаңыз.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz