Азық-түлікті дайындау мен сақтау сіз ойлағаннан да көбірек ережелерге бағынады. Өнімнің функционалдылығы оларды қайда сақтайтындығына, қалай сақтайтындығына және сүйікті тағам дайындау кезінде қандай «қулықтар» қолданатындығына байланысты. Асүйде қажет болатын кеңестер ұсынамыз.
Кілегей майын қаптамасынан шығару керек
Кілегей майы полиэтилен немесе қағаз қаптамада бұзылып, дәмін жылдам жоғалтады. Сондықтан, оны қаптамасынан май салатын ыдысқа, жұқалтырға немесе пластикалық контейнерге салып қойған жөн. Кілегей майды иісі бар тағамдардың жанында сақтаудың қажеті жоқ. Себебі май басқа иістерді жылдам сіңіріп алады. Май ұзағырақ сақталуы үшін оның қасына қант бөлігін салып қоюға болады.
Салат жапырақтарына ылғалды сіңіріп алуға жол бермеу керек
Салат жапырақтары сыртқы ортадан белсенді түрде ылғалды сіңіріп алатындықтан жылдам құртылады. Мұндай жағдай орын алмас үшін салат жапырақтарын қағаз сүлгіге орап сақтаған жөн. Сол кезде артық ылғалды қағаз сүлгі сорып алады да, салат жапырақтары балғын болып қалады.
Тоңазытқышқа қандай көкөністер мен жемістерді сақтау не сақтамау керектігін білу керек
Көпшілік көкөністер мен жемістерді тоңазытқышта сақтау дұрыс әдіс деп ойлайды. Сол кезде олардың балғын болып қалатындығына сенеді. Бірақ картопты, қызанақты, бананды және алманы тоңазытқыштан әрі сақтау керек. Мысалы, картопты тоңазытқышта сақтасаңыз, төмен температураның себебінен ол тым тәтті (қанты көп) болып кетуі мүмкін. Ал жоғарыда айтылған басқа өнімдер төмен температура себебінен этилен деген затты бөліп, жинауы мүмкін: ол өнімнің уақытынан бұрын бұзылуына әкеледі.
Сүтті тоңазытқыштың есігіне қоймау керек
Көпшілік автоматты түрде сүтті тоңазытқыштың есігіне салады: есікке сүтті салу ыңғайлы. Тоңазытқыштың осы бөлігінде басқа жеріне қарағанда ауа температурасы жоғарырақ және есікті ашу қосымша температура өзгерісін шақырады. Сондықтан сүт әдеттегіден жылдам бұзылуы мүмкін.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz