Бұл ас үй ыдыстары мен құралдарының жарамдылық мерзімі бар. Уақыт өте келе үздіксіз қолданудың себебінен олар бактериялардың көзіне айналады. Сондықтан олардың толықтай жарамсыз (мысалы, сынғанын) болғанын күтпеген жөн. Ендеше, ас үйіңіздегі қандай ыдыстарды ауыстыратын уақыт болды?
1. Силикон щетка
Бұл ас құралын әр 2 жыл сайын ауыстырған дұрыс. Ол үнемі ыстық пісірмелермен жанасатын болғандықтан силикон балқып бастайды да, тамағыңызда көрінбейтін молекулалар ретінде қалады. Сондай-ақ, оның сапалы түрін таңдауға тырысыңыз.
2. Пышақтар
Қандай материалдан жасалған болса да, пышақты әр 7 жыл сайын ауыстыру керек. Әрине, материалы қаншалықты жақсы болса, пышақ ұзақ қызмет етеді. Дегенмен де, пышақтың ойықтарында қарапайым әдіспен жуғанға кетпейтін бактериялар жинала бастайтынын ескерген жөн.
3. Жабыспайтын қаптамасы бар ыдыс
Жабыспайтын қаптамасы бар ыдысты әр 2-3 жыл сайын ауыстыру ұсынылады. Мұндай ыдыстың түбінде қалған алғашқы жырықтар оны ауыстыру керегін көрсететін алғашқы белгі болуы керек. Жабыспайтын қаптамасы бар кәстрөлдер мен табаларда жырықтар пайда болса, оған піскен тамақ жабыса береді және осы жырықтар арқылы кей өндірушілер қолданатын зиянды заттар шыға бастайды.
4. Үккіштер мен көкөніс кесетін құралдар
Үккіштер мен көкөніс кесетін құралдар 3-4 жыл қызмет етеді. Одан соң олар өтпей бастайды, ал оларды қайрау мүмкін емес.
5. Ағаш қасықтар
Уақыт өте келе көп қолданылған ағаш ас құралдары қабаттарға бөлінеді, түсін өзгертеді және жарыла бастайды. Сондықтан олар бактериялардың жиналатын жеріне айналады. Сол үшін де оларды әр 5 жыл сайын ауыстырған жөн.
6. Пластмасса тақтайлар
Мұндай тақтайларды әр 3 жыл сайын ауыстыру керек. Сондай-ақ мұндай тақтайдың бірден бірнешеуін алыңыз: олар әртүрлі азық-түлікке арналған болуы керек. Мысалы, етке, көкөністерге, жемістерге және нанға арналған тақтайлардың бөлек болғаны жөн.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz