Иранда ауыл тұрғыны өліп қалудан және бақытсыз болудан қорыққандықтан, 67 жыл бойы жуынбаған. Ерекше оқиғаға Daily Star басылымы назар аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
87 жастағы Аму Хаджи кішігірім лашықта тұрады, жануардың жемтігімен қоректенеді. Негізінен дөңгелек астына түсіп өлген жайраның шикі етін жеп, жаңбыр суын ішеді. Сүйікті ісі – жануардың тезегімен толтырылған түтік шегу.
Өмір сүру дағдысының кесірінен, Хаджи отбасын құрмаған, достары да жоқ. Алайда оның өз жолына деген адалдығы жергілікті тұрғындарға әсер еткені сонша, олар оған лашықты сыйға тартқан. Оған дейін ер адам шұңғырда тұрған.
Дәрігерлер Хаджидің үйіне келіп, оның гигиенаны сақтамай, ерекше «тағамдар» тұтынуының денсаулығына қаншалықты әсер еткенін анықтамақ болды. Тексеру барысында дәрігерлер Хаджидің аса ауыр дерттерге шалдықпағанын көріп, таңғалды. Ол аз десеңіз, денесінен ешқандай паразит табылмаған. Ирандық азаматтың денсаулығындағы жалғыз кінәрат — трихинеллез (безгек, ісік, бөртпе мен ішкі органдардың зақымдалуы көрініс табатын паразиттік ауру) деп табылды.