Жер бетіндегі өзендердің төрттен бірі ластанған

0 28

Британдық ғалымдар әлем елдерінің жартысындағы өзендерді зерттеп шыққан. Олар 258 өзен суынан сынама алып, су құрамын 61 дәрі-дәрмекке сынады. Су үлгілері Венесуэладағы үнді Яномами секілді алыс елді мекендер мен Дели сияқты тығыз қоныстанған мегаполистердегі өзендерге дейін алынды. Сынама нәтижесі көрсеткендей, фармацевтикалық ластану барлық континенттердегі өзендерде бар екені белгілі болды.

Ең қатты ластанған өзендер Африкада, Оңтүстік Америкада және Оңтүстік Азияның кейбір бөліктерінде орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.