Шымкенттік әйел 1,7 млн теңгесі бар сөмкесін әуежайда ұмытып кеткен

0 304

Оқиға Түркістан әуежайында орын алды. Қомақты қаржыны қалдырып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.Оның айтуынша, Түркістан — Стамбул рейсіне отырғызу кезінде күту залында сөмкесін ұмытып кеткен. Ішінде 4 мың АҚШ доллары бар екен.

Түркістан әуежайы желілік полиция бөлімінің басшысы Нұралы Нұржігіт пен Қайрат Құшан залда қалған сөмкені байқап, оны иесіне қайтарып берді. Келіншек полиция қызметкерлеріне қырағылығы мен өз қызметіне деген жауапкершілігі үшін алғыс айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.