Кей дүкеннен азық-түлік сатып алғанда, сіз қоңыр жұмыртқалардың ақ жұмыртқаларға қарағанда басқа бағамен сатылатынын байқадыңыз ба? Осыған байланысты тұтынушылар ақ түсті жұмыртқадан гөрі қоңыр түсті жұмыртқа пайдалы және дәмді деп ойлайды.
Шынында солай ма? Ақ және қоңыр түсті жұмыртқаларды зерттегенде, екеуінің бар айырмашылығы олардың сыртқы түрінде болып шыққан. Ақ түсті қауырсыны бар тауықтар ақ түсті жұмыртқа, ал қызғылт-қоңыр түсті қауырсыны бар тауықтар қоңыр жұмыртқалар табады екен. Көкшіл түсті жұмыртқа табатын тауықтардың тұқымы да бар.
Ақ және қоңыр жұмыртқалардың тағамдық құндылығы тұрғысынан айтарлықтай айырмашылық жоқ. Егер тауықтарға бірдей тамақ берілсе, жұмыртқалары бірдей тағамдық құндылыққа ие болады. Қабықтың түсі жұмыртқаның дәмі мен пісіруіне ешқандай ерекшеліктері бермейді