Түзелем деген адамға…

0 38

ХХІ ғасырда өмір сүру үшін бір іске деген икемділігіңіз бен мүмкіндіктеріңіздің болуы жеткілікті. Ал сәттілік пен сырт көріністің ешқандай да маңызы жоқ. Өкінішке орай біз өмір сүріп жатқан қоғам мұндай емес…

Қай жерге барсақ та киімімізге қарап қарсы алып, ақылымызға қарап шығарып салады. Бұл – заңды құбылыс. Жарты жыл бойы шашын қидырмаған, аяқ киімін шаң басқан, бірнеше күн бойы жуынбаған қызметкерді өзіңіз де жұмысқа алмайтындығыңыз анық. Бір адамды алғаш рет көргенде оның тәжірибесін бағалап, өзгелермен тіл табыса білу қасиетін ескереміз. Үстіндегі киіміне мән бермейтін адамдардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасай алатындығына үлкен күмән бар. Әрине, бұл барлығына бірдей қатысты емес. Алайда барлығын түсінген соң, өзіңізге қарай бастайсыз. Ол үшін міндетті түрде қарызға ақша алып, атақты дизайнерлердің киімін сатып алудың қажеті жоқ. Бар болғаны талғаммен киінсеңіз болғаны.

Аяқ киіміңізді күтіп киіңіз. Аяқ киіміңізді тазалауға небары бірнеше минут қана кетеді. Сізге білінбегенімен, көпшілік ең алдымен аяғыңызға қарайды.

Стиліңізге мән беріңіз. Атыңызға затыңыздың сай болғаны дұрыс. Костюм мен спорт аяқ киімі жараспайды. Ал сіздің мақсатыңыз көпшіліктің жағымсыз назарына ілікпей, өз келбетіңізге тамсандыру. Біреудің есінде «күлкілі адам» ретінде қалып қою сізге ұнай ма?

Өзіңізге жарасатын шаш үлгісін қойдырыңыз, ай сайын ұзындығын ретке келтіріп отырыңыз. Бір шаштаразға ғана барып үйреніңіз. (Өзіңізді ретке келтіру мәселесінде ақшаңызды аямаңыз).

Киіміңіз үтіктелген болуы тиіс. Мыжылған киімдер қоршаған орта адамдарына жағымсыз әсер сыйлайды. Шындығында, көп болып көрінгенімен, киімді ретке келтіруге аз уақыт ғана кетеді.

Қалтаңыздың сыртқа қайырылып қалмауына да мән беріңіз. Қалтаңыз үнемі толып жүретін болса, қажетсіз заттарды алып тастауға тырысыңыз немесе өзіңізбен бірге портфель алып жүріңіз.

Егер сізде ерекше түсті немесе ашық деталі бар жилет болса, оны киім үлгісін айқындайтын элемент ретінде пайдалана аласыз. Жилеттер джинс шалбармен, миди белдемшемен және трикотаж көйлекпен жараса береді.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.