Әділет министрлігі 22.02.2022 ерекше күні қанша қазақстандық жұптың шаңырақ көтергенін хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша 1648 неке тіркелген.
Салыстыру үшін, өткен жылдың дәл осы күні – 2021 жылдың 22 ақпанында тіркелген неке саны 1325 болған.
РЕКЛАМА
Ұлттық ақпараттық технологиялардың мәліметінше, 2022 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша неке қиюды тіркеуге онлайн-өтініштердің саны (eGov.kz арқылы) Қазақстанда 779 болды, оның 129-ы Нұр-Сұлтан қаласында.
Жалпы, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда неке қиюға 23 394 өтініш берілген.
Әділет министрлігі басқа ерекше күндерде қиылған неке статистикасы туралы да айтты.
08.08.08 Қазақстанда 2044 неке тіркелді.
09.09.09 Елімізде 721 неке қиылды.
2010 жылы ерекше күн демалыс күніне түсіп, АХАЖ бөлімдері жұмыс істемеген.
2011 жылдың 11 қарашасында елімізде 2154 неке тіркелген.
2012 жылдың 12 желтоқсанындағы жағдай бойынша 1219 қазақстандық жұп шаңырақ көтерген.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz