Екі минут ішінде ұйықтауға болатын әдіс анықталды

0 116

120 секундта ұйықтаудың әдісі анықталды. Оның тіпті ұйқысыздықтан зардап шегетіндер үшін де тиімді екені белгілі болды, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА The Mirror басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, екі минут ішінде ұйықтау үшін процесті екі кезеңге бөлу керек: ақыл-ойды тазарту және суретті визуализациялау.

Бірінші кезеңде бірнеше әрекет орындалады. Алдымен бет бұлшықеттерін босаңсыту керек. Жақ, тіл және көз айналасындағы бұлшықеттерді де ұмытпаған жөн. Әрі қарай иығыңызды төмен түсіріп, қолдың жоғарғы және төменгі бөліктерін босаңсытыңыз. Бұдан соң демді ішке алып көкіректегі ауырлықты деммен сыртқа шығарыңыз, ары қарай аяқтарыңызды босаңсытыңыз. Бұл шамамен бір минутта істелуі керек.

Осының бәрін істеп болғаннан кейін визуализацияны іске қосуыңыз керек. Яғни өзіңізді тыныш көлдің ортасында тұрғандай немесе табиғат аясында тербеліп жатқандай елестетуіңізге болады.

Техниканың екінші кезеңі «ештеңе ойламаңыз» тіркесін 10 секунд ішінде қайталауды талап етуі мүмкін. Бұл әдісті Американың әскери қызметі қолданады және 96 пайыз өз пайдасын тигізген.

Сондай-ақ бөлменің шашылып жатуы мидың демалуына кедергі келтіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.