Кейде кафеде шай ішкіңіз келуі мүмкін, бірақ баламен барсаңыз, ол алдыңызға шығып, маза бермейді. Сондықтан кафеде оның немен айналысатынын алдын ала ойластырып қойған жөн.
Отбасымен кафеге немесе мейрамханаға бару — бос уақытты жағымды әрі көңілді өткізуге жақсы идея. Алайда бала бір минут болсын бір орында отыра алмайды. Бірақ балаға бірнеше ойын ұсыну арқылы оны тыныштандыруға болады.
Баламен кафеге дайындалып барған артық етпейді. Мысалы, сөмкеңізге 4-5 қарындаш пен бірнеше парақ немесе блокнот салып алыңыз.
1. Кішкентай балаға жай блокнот пен қалам ұстатып қойыңыз: қағазды сызып отырады. Сондай-ақ, қағазға қарапайым сурет (үй, ағаш, ит) салып беруіңізге болады, ал бала соның үстін сызады немесе бояйды.
2. Балаға қағаздың үстіне өз алақанын сызуға көмектесіңіз. Содан соң бала ары қарай қолдың суретін өзі қалағандай безендіре алады. Бұл идея, әсіресе, қыздарға ұнайды: олар тырнақтардың суретін салып, оларды дизайнмен бояй алады. Саусақтарына сақиналар салуға идея тастаңыз.
3. Тек алақанды емес, үстелде тұрған стақан, қасық, шанышқы, кілт немесе басқа да заттарды қағазға сызуға болады.
4. Балаға тиын беріп, қағазда оның ізтаңбасын қалай алуға болатынын көрсетіңіз. Ол үшін тиынды қағаздың астына қойып, үстін қарындашпен бояу керек.
5. Қағазға бір-бірімен қиылысатын бірнеше тіке және қисық сызықтар сызыңыз. Балаға қиылысқан жерлерді белгілеуін және жан-жағы түзу сызықпен қоршалған аймақтарды бояуын сұраңыз.
6. Кафеге баламен барарда сөмкеңізге аспаздық жұқалтыр салып алуға болады. Кафеге пластилин алып бару жақсы идея емес, ол үстелдің үстін де, баланың қолын да ластайды. Ал жұқалтыр еш жерді ластамайды. Одан да қызықты пішіндер жасауға болады. Онымен ойнау балаға ұнары анық.
7. Кафеге дайындықсыз барсаңыз да, баланы алаңдататын ойындар табылады. Егер балаңыз санау білсе, кафеде отқан қыздарды немесе ұлдарды санауын сұраңыз. Оған кез келген затты саната аласыз.
8. Печеньені бірнеше бөлікке бөліп, баладан оны қайта құруын сұраңыз.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz