Телефонмен сөйлесу әдебі

0 14

Заманауи адам өмірін телефонсыз елестете алмайды. Ұялы телефон байланысы кәсіби және жеке саланың ажырамас бөлігіне айналды. Ендеше, телефонмен сөйлесуге байланысты туындайтын кей этикет сұрақтарына жауап іздейік.

Қай уақыт аралығында телефон шалуға болады?
Әдептілік ережесі бойынша жеке қоңырауды 9:00-22:00 аралығында шалуға болады. Ал іскерлік қоңырау тек жұмыс уақыты (9:00-18:00) аралығында шалыну керек. Басқа уақыттарда кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл қоңырау шалу керек кезінде ғана рұқсат етіледі.

Қандай қоңырау әуенін таңдаған жөн?
Қазіргі кезде қоңырау дыбысын әнге ауыстырып қою сәнге айналып кетті. Яғни, қоңырау шалып отырған адам қарапайым гудоктың орнына ән тыңдап отырады. Этикет ережесі бойынша ол әдепсіз көрінеді. Мысалы, біреу іскерлік жұмыспен қоңырау шалса, ол оған ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан стандартты гудоктарға тоқталған жөн.

Телефонмен сөйлесуді қандай сөзбен бастаған дұрыс?
Қоңырауды көтерген адамдардың көпшілігіне сөйлесуді «алло» сөзімен бастау әдетке айналып кеткен.  Негізі «алло» сөзі байланысты тексеруге арналған. Сондықтан ол сөзді амандасу сөздерімен алмастырыңыз.

Телефонға қаншалықты жылдам жауап беру керек?
Этикет ережесі бойынша телефонды бірден көтермеген дұрыс. Ол екі жақтағы адамға да ығңайсыздық тудырады екен. Психологиялық тұрғыда әр абонентке сол кездегі жұмысынан қоңырауға ауысуы үшін аздап уақыт керек. Сондықтан ең қолайлысы телефонды үшінші гудокта көтерген жөн.

Егер адам жауап бермей жатса, қаншалықты ұзақ телефон шалуға болады?
Егер адам жауап бермей жатса, қоймастан телефон шалуға болмайды. Этикет ережесі бойынша, 5 немесе 6 гудоктан артық телефон шалуға болмайды.

Телефонмен сөйлесуді кім аяқтау керек?
Ереже бойынша, байланысты қоңырау шалған адам аяқтауы керек. Сондықтан қоңырау шалып отырған адам оның сөйлесуі созылып кетпеуін қадағалауы керек.

Байланыс үзіліп кетсе, кім қайтадан телефон шалу керек?
Егер сөйлесу кезінде байланыс үзіліп кетсе, алғашқы қоңырау шалған адам қайтадан қоңырау шалуы тиіс. Бұл ережені білу арқылы бір-біріңізге бірдей телефон соғып, байланыстың бос еместігін естіп, уақыт кетірмеуге болады.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.