Жұлдызнама: 2024 жылы кімдер мансапта үлкен жетістікке жетеді?

0 61

Астролог Влад Росс 2024 жылы жаңа кәсіби деңгейге шығатын жұлдызнама белгілерін атады. Жалқаулығын жеңсе, оларды мансапта үлкен жетістіктер күтіп тұр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Unian»-ға сілтеме жасап.

Арыстан

Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында Венера планетасының позитивті транзиті Арыстандарға махаббат және отбасы тұрғысынан жақсы эмоциялар сыйлайды. Олар неке құруы және сәтті келісім жасауы мүмкін. Бұл жыл Арыстандар үшін жалпы қолайлы болмақ. Арыстандар сәуірде демалысқа кетуі мүмкін. Сондай-ақ оларға маусым айына дейінгі кезең — мансап бойынша көтерілуге жақсы уақыт. Тамыздан бастап Арыстандар адамдармен қарым-қатынасын дұрыстай бастайды, ұжымдық шаралар мен жобаларға қатысады. Жаңа идеялар жемісті болады. Жаңа жұмыс орнына ауысу да сәтті болады. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ақша салу – жақсы идея.

Шаян

Шаяндар үшін келер жыл — жауапты таңдау жылы. Жылдың басынан бастап мамырға дейін – әлеуметтік байланысты қатайту, жаңа таныстар табу, пікірлес адамдармен қарым-қатынасты жақсарту кезеңі. Сондай-ақ жазда жалақыңызды арттыруға мүмкіндік туады. Алайда қаржылық істерде абай болу керек: шешімдерді жақсылап ойланып қабылдаңыз.

Тоқты

Тоқтылар үшін 2024 жыл қаржылық жағынан табысты болады. Көктемде қосымша табыс табуға мүмкіндіктер туады. Сондай-ақ олардың айналасындағылармен қарым-қатынасы жақсы болмақ. Тоқтылар жақындары мен достарының тек сөзбен емес, іспен көрсететін қолдауына сенсе болады. Қандай да бір сұрақты шешкіңіз келсе, бірден қажетті адамдар мен мүмкіндіктер табылады.

Жылдың бірінші жартысында хал-жаңдайыңызға мұқият болыңыз: шамадан тыс жүктеме ауруларға және зақымдарға әкелуі мүмкін. Алайда жылдың екінші жартысы бұл жағынан үйлесімді болмақ. Салауатты өмір салтын сақтаңыз.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.