Қазақстанның бірнеше облысында жол әлі жабық тұр

0 5

«Қазавтожол» мекемесінің мәліметінше, Павлодар мен Қарағанды облыстарында трассаның көрінбеуіне байланысты барлық жол бағыты жабық және қозғалыс шектелген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұған қоса, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Нұра ауылы, Астана-Қорғалжын ауылы, Астана-Нұра ауданы арасындағы жолдар, Астана-Қарағанды облысының шекарасындағы Екатеринбург-Алматы трассасы да жабық.

11 қаңтарда Қазақстан аумағында қатты жел соғып бірнеше облыста жол жабылған.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.