Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады

0 2

Сібір антициклоны әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда кей өңірлерде тұман түсуі ықтимал. Ал ауа температурасының жоғарылауына тропосфералық ағымдардың солтүстіктен батысқа бағыт алуы ықпал етеді. Алматыда алдағы үш тәулікте жауын-шашын болмайды. Қазақстанның шығыс өңірлерінде ғана 30-35 градус арасында аяз болуы ықтимал. Айгүл Алдабергенова, «Қазгидромет» РМК-ның жетекші инженер-синоптигі:  — Алдағы үш күнде Астана қаласында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы 18 қаңтарда түнде 22-24 градус аяз. Күндіз 13-15 градус аяз. 19-20 қаңтарда түнде 22-24 градус аяз. Түнде 14-16 градус аязды көрсетеді.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.