Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

0 15

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда нәтижесі бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррель үшін 0,76 долларға түсіп, 66,86 долларды құрады.  Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері бір баррельге 0,76 долларға арзандап, 63,39 доллар болды.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.