Өткен жылы Тұрсын Алагөзовпен заңды түрде некелескен Баян Алагөзова сәбилі болуы мүмкін.
Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында белгілі нумеролог Клара Күзденбаева айтты деп хабарлайды Stan.kz.
«Биыл продюсердың атағы аспандайды. Сондай-ақ, сәбилі болып, қоныс аударуы да мүмкін. Бұған дейін оның төзімді екенін айтқан едім. Ол діттеген мақсаттарына жете біледі. Қайсар мінезді әйел. Мұндай қасиетке ие адам жеткен жетістіктеріне масаттанып, бір орында тоқтап қалмайды», – дейді Клара Күзденбаева.
Ал өз кезегінде Баян Алагөзова нумерологтың айтқаны айдай келетінін және сәбилі болудан қашпайтынын жеткізді.
«Клараны 8 жылдан бері танимына. Ол кісінің айтқан болжамдары тура болып шықты», – деп жазды продюсер Instagram желісіндегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Клара Күзденбаева продюсер Баян алагөзованың өмірінде қиын сәттер болатынын ескерткен еді. Расымен де мұнан кейін Баян күеуінің соққысының саладырынан ауруханадан бірақ шығып, ақыры ажырасып тынған еді.
Дереккөз: 365.kz