«Ұра жөнелді…». Дастан Оразбеков Төреғалидың әкесімен төбелесіп қалды (ВИДЕО)

0 18

Мұндай да болады екен. Бір кездегі «Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков Төреғалидың әкесі Төреәлімен төбелескенін айтып салыпты. 

Сөзіне қарағанда екеуі «Жұлдызды жекпе-жек» жобасында жаға жыртысқан.

Зарина Мүсілімнің бағдарламасына сұхбат берген Дастан осылай деп ағынан жарылыпты.

Төреғалидың әкесінен көрмегені жоқ екен. Қоқан-лоққы көрсетіпті Дастанға.

«Иә, болды мұндай жағдай. Енді еркекпіз ғой. Бәлкім арамызда қалу керек пе еді.

Жалпы жігіттің мінезді болғаны дұрыс қой. Ынжық басына шығады. Ойлап көріңіз, сені біреу төмпештеп жатса қарап тұрмайсың ғой! Намысың бар дегендей…Саған біреу жұдырық ала жүгірсе, ұрып жатса бұған жауап қатпау таза мінезсіздік. Оның үстіне Тараз жақтанмын, қызуқандымын», – деген екен Дастан Оразбеков.

Айттық қой, әнші ағынан жарылды деп. Дастанның айтуынша, қазір біздің елде мәдениетті болуды насихаттап жүрген мәдениетсіздер көп.

«Теріс түсініп қалмаңыздар, Төреғалидың өнерін сыйлаймын. Өнерлі деп бағалаймын. Алайда оның атына көбінесе әкесі кір келтіріп жүр. Әкесінің мәдениетсіздігі ұлына кесірін тигізуде. Әйтпесе Төреғали таза өнер адамы. Ақын. Сөйлеу мәнері, өзін-өзін ұстауы ұнайды. Алайда әкесі…» – депті Дастан.

Сонымен қатар күні кешегі Төреғали дауына қатысты пікір білдіріпті.

«Қателесу пендеге тән. Қателікті түзеу де пендеге тән. Біз өнер адамымыз ғой. Не нәрсенің болсын жақсы жағын көруге тырысамыз…», – депті Дастан.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.