Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянын желідегілер қатты сыңға алды (ВИДЕО)

0 9

Елімізге танымал əнші Ерке Есмахан «Аэропорт» атты жаңа əніне түсірілген бейнетуындысын халықтың назарына ұсынды. Бейнебаян бір тəулікте 400 мыңға жуық қаралым жинап үлгерді.

Бұл орайда тыңдармандар клиптің фильм сияқты шыққанын айтуда. “Фильм сияқты болғанымен, әніңіз хит болмайды-ау” деп пікір білдірді көпшілік.

Еркенің бұл жаңа туындысы да «махаббат» тақырыбына түсірілген.

Əншінің айтуынша, бұл əнді əріптесі əрі «Жігіттер» тобының əншісі Бағлан Əбдірайымовтан тапқанын айтты.

«»Аэропорт» əнін маған досым, «Жігіттер» тобындағы Бағлан Əбдірайымов арқылы келді. Бағлан өзі орындағалы жүрген əнді еш артық ойсыз маған тыңдатып көріп еді, мен болсам жəймеңдеп, жылы сөздер айтып, еркелеп өзімнің əнім етіп алдым. Рахмет саған, Бағлан», — дейді Ерке.

Əнші өзінің бұл жаңа бейнебаяны жайлы да пікір қалдырды.

«Мені ақыры ешқайда ұшырмай, күшті жұмысынан бас тартып, махаббат үшін менің қасымда қалған жігіт. Негізі ұрыстың неден басталғаны белгісіз, может быть ол бір қызға лайк басқан шығар, бəленің бəрі содан да шығуы мүмкін, құрсын қазір ештеңеге таңқалмайьын болдық қой! Анау кекілі бар қыздың да қылығы қате негізі. Тым жақсы жұмысы бар баланы алып қалып не істемекші?! Ал обратно қайтыңдар қонақ үйге, айдалада тұрасыңдар ма сол, такси де кетіп қалды. Не де болса бақытты болсын екеуі, бəріңізде бақытты болыңыздар, сүйгендеріңізді ешқайда жібермеңіздер!», — деп сөзін түйіндеді Ерке.

Айта кетейік, Ерке Есмаханның «Қайда» əніне түсірілген бейнебаян қазіргі таңда қаралым жағынан көш бастап тұр. Бейнебаянның қаралымы 66 млн-ға жеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.