Менингококк: Алматыдағы №12-ші ауруханаға келген Біртанов ондағы жағдайды көріп жағасын ұстады (ВИДЕО)

0 3

5-мамыр күні түнде Денсаулық сақтау министрі Біртанов Алматыдағы 12 ауруханаға аяқ астынан бас сұқты. Мұндағы есік алдында кезекші дәрігерге кіре алмай тұрған 50 адамды көзімен көрген министр аурухана дәрігерлерін қатаң сынға алды.

Кезекші дәрігерге кіре алмай, сыртта тұрған 50 қаралы адам Біртановқа мұңын шаққан. Ал ауруханада 40-қа тарта дәрігер істейді. Бірақ, бұл түні тек үш дәрігер ғана кезекшілікте болған.

Менингит асқынып тұрған тұста дәрігерлердің сылбырлығына қайран қалған Біртанов әріптестері үшін дәрігер қабылдауына келген елден кешірім сұрады.

Артынша палаталарға кіріп, науқастардың жағдайын білді. Ауруханадағы қызмет көрсету сапасын сұрастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.