Таразда автокөлік өртке оранды

0 1

Таразда оқыс оқиға орын алды. Тапатал түсте, жеңіл автокөлік өртке оранды, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 77news.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Орталықтағы көшелердің бірінде болған төтенше жағдай, 5 мамыр күні сағат 11-лер шамасында орын алған. Оқиға орнына арнайы техника мен өрт сөндіруші шұғыл жеткенімен, көліктің сау тамтығы қалмаған. Анық болғаны  «Volkswagen Passat» маркалы автокөлік жүріп келе жатқанда өртке оранған. Салдарынан көліктің мотор бөлігі толық өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15 минуттың ішінде ауыздықтадық деп отыр. Адам шығыны жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт көліктегі тоқтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Қазіргі таңда өрт сөндіру қызметінің мамандары оқиғаның мән-жайын тексеру үстінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.