Балқаштық тұрғын өзін-өзі өртеп жіберді

0 4

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, дәрігерлер қолдан келген көмекті аямаған. «Өкінішке орай оны құтқару мүмкін болмады. Ер адамның денесінің 70% пайызы күйіп қалған. Оның тыныс алу жолдары зақымданған», — деді Айжан Иса.
Айта кетейік, полиция ер адамның неліктен бұл қадамға барғанын айтпады.

Естеріңізге сала кетейік, Балқашта 40 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жібергенін мәлім еткен болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.