Жамбыл облысында ауылдық округтерде дербес бюджеттер енгізілген

0 0

Жамбыл облысында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ауылдық округтерде дербес бюджеттер енгізілді. Аталған жүйе бюджеттік үдерісті басқаруда және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде дербестікті қамтамасыз етеді. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде облыста барлығы 156 ауылдық округ болса, халық саны 2000-нан асатын 114-інде ауылдық округ әкімдерінің бюджеттері енгізілген.

Ағымдағы жылдың 10 айында ауылдық округтер әкімдерімен 1,9 млрд. теңге сомасында меншікті кірістер қамтамасыз етілді немесе жоспар 128,4%-ға орындалып, 428,3 млн.теңге жоспардан артығымен түскен. Бұл көрсеткішке жету жолында айтарлықтай дайындық жұмыстары жүргізілді, ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметкерлері оқытылып, қайта даярлаудан өткізілді.

Сонымен қатар, бұл дербес бюджеттер тек үстіміздегі жылы енгізілгендігін ескере отырып, ауыл әкімдеріне әрдайым нақты уақыт режимінде консультациялық көмектердің көрсетілуі жалғасуда, олардың қызметі үйлестіріліп, мониторингіленуде. Салық түсімдерінің оң динамикасы және сәйкесінше әлеуметтік салаға және өңірлерді дамытуға бөлінетін қаражаттар көлемінің өсуі, сайып келгенде, халықтың өмір сүру деңгейі мен  сапасын көтеруге ықпал ететін болады.

Мемлекет басшысы әрдайым бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалануға, әкімшілік шығыстар мен мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұстауға арналған шығыстар көлемін азайтуға назар бөліп келеді. Осыған байланысты, бүгінгі таңда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың да, олардың штаттық сандарын да  оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, функциялардың қайталануы алынып тасталуда, мемлекеттік органдардың тиімді құрылымдарын қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлердің санын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан бүгінгі күні мәдениет, денсаулық сақтау басқармаларының 38 ведомстволық бағынысты ұйымдары 16 заңды тұлғаларды біріктіру және құру жолымен қайта құрылды. 4 (төрт) ұйымда қаржы қызметтері орталықтандырылды, 77 ұйымда штаттық бірліктер саны 1111-ге қысқартылды, 6 (алты) ұйым жойылды. Бүгінгі күнге 1 млрд.теңгеден астам сомада қаражаттарды үнемдеу күтіліп отыр. Оңтайландыру жалғасуда.

Облыс бойынша, соңғы үш жылда бәсекелестік ортаға 37 ұйым берілді, оның ішінде 13 үйым сенімгерлік басқаруға берілген. Жалпы сомасы 2,0 млрд.теңгеге жуық соманы құрайтын 16 объектілер сатылып, 6 ұйым жойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.