Бала оқудан жалығып кетпес үшін…

0 0

Балалар мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, кейбірінен білім алуға деген талпыныс, ал екіншілерінен немқұрайлылық анық көрініп тұрады. Бала өздігінен дамуға және жаңа нәрсе үйренуге талпынуы үшін ата-ана өзін қалай ұстау керек?

Заманауи әлемде ата-аналар баланың ерте дамуына көп ықпал жасайды. Бірінші сыныпқа барғанда балалардың көпшілігі оқуды, санауды, жазуды, тіпті, шет тілдерін біліп келеді. Алайда оның кері жағы да бар: мектеп жасына дейінгі балаға көп жұмыс беріліп қойғандықтан оның оқуға деген ынтасы жоғала бастайды. Баланың оқуға деген құштарлығын ашып, бірақ ынтасын жоғалтпаш үшін не істеу керек?

Баладан ол әзір дайын емес нәрсені талап етпеңіз

Қазіргі ата-аналардың аузынан «Біздің бала 2 жастан бастап ағылшынша сөйлей алады», «Біздің қызымыз 4 жасында менталды арифметиканы бастап кетті» деген мақтаныш сөздерінен естуге болады. Олар бір-біріне балаларының жетістіктерінен жарыса айтады. Әрине, ата-ананың балаға білім бергісі келетіні жақсы. Бірақ кейде ересектер бір маңызды нәрсені естен шығарып алып жатады: бала өз жасына сай дамуы керек.

Мысалы, қабырғаны сызу немесе сөредегі заттарды шашу – тентектік емес, ол да баланың айналасын зерттеуінің бір жолы. Сол секілді шыдамдылыққа келсек, 3 жасар баланы жарты сағатқа партаға отырғызуыңыз айқаймен аяқталады. Бастысы, баладан ол әзір дайын емес нәрсені талап етпеңіз. Оның орнына өзіңізді үлгі етіп көрсетіңіз. Мысалы, балаға көрінетін жерге отырып, түрлі түсті суреттері бар кітап оқыңыз. Бірнеше минуттан соң ол өзі-ақ қасыңызға келіп, қызығушылық білдіруі мүмкін.

Балалар табиғатынан  білуге құмар болып келеді, сондықтан шамамен 2,5-3 жасынан бастап «неге» деген сұрақтарды жиі қояды. Сол кезде бала сұрағынан қашпай, түсінікті тілде түсіндіруге тырысыңыз. Егер бала сұрағына «Қойшы», «Білмеймін», «Неге сұрай бересің?», «Артынан айтамын» дей берсеңіз, баланың жаңа нәрсені білуге деген қызығушылығы біртіндеп сөне береді.

Ойнау пайдасыз уақыт өткізу емес

Ойнау бала қиялының және сөйлеуінің дамуына ықпал етеді. Ойнау – баланың әлемді тануының және ондағы өз орнын табуының негізгі жолы. Жаңа білім де балаға ойын арқылы оңайырақ сіңеді.

Мысалы, бала әлемді зерттеуші қаһарман болатын ертегі ойлап табуға болады. Бұл оның зейінін ұзаққа дейін сақтауға көмектеседі. Ертегі арқылы балаға пайдалы мағлұматтар бере аласыз.

Есте сақтаудың тиімді жолы – қайталау

Неміс психологы Герман Эббингауз есте сақтау механизмін зерттеп, адам оқып білген ақпаратының 50 пайызын екінші күні ұмыта бастайды. Балалар үшін оқығаннан түсінгенін сұрау және көргенін талқылау өте маңызды. Бірақ бұл процесті қандай да бір тестілеуге не емтиханға айналдырмаңыз. Ересек адамның шынайы қызығушылығы баланың табиғи түрде өз ойымен бөлісуіне итермелейді. Балаңызбен сөйлесіңіз, қызығушылық білдіріңіз: «Балам, не оқып жатырсың? Ал мына кейіпкер кім?». Бала ол нәрсенің сіз үшін шынымен маңызды екенін түсінген кезде ол кітап, фильм не видео туралы өз білгенімен қуана-қуана бөлісе кетеді. Талқылау процестері баланың ойлауын, сөздік қорын және сөйлеу қабілетін дамытады.

Дереккөз: massaget.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.