Көзге ерекше күтім керек

0 3

Бүгінгі таңда құрғақ көздің синдромы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені бүгінгі жастартүрлі өлшемдегі экран мен монитор алдында уақытын көп өткізеді. Ертеректе құрғақ көз синдромы егде адамдарда ғана кездессе, олардың қатарын қазір жастар арттыруда. Ендеше көздің құрғауы мен одан арылудың жолдары жөнінде хабардар болып жүріңіз.

Көзіміз неге құрғайды?

Офтальмолог мамандарға жүгінетіндердің 40%-ы құрғақ көз синдромымен шағымданады екен. Көздің құрғауының негізгі себебі – көз жасы сұйықтығын өндіретін жас бездерінің нашарлауы, яғни жас қабықшасы қызметінің бұзылуы. Сонымен қатар А дәруменінің жетіспеушілігі. Ал егде адамдарда жастың бөліну процесі баяулағандықтан, дерт орын алады. Тағы бір себебі – үзіліссіз монитор алдында отырудан, шаң мен түтіннен (темекі), газдан, линзаны дұрыс қолданбағаннан болады. Жарақат, көзге ота жасау, сапасыз косметика қолдану да дерттің дамуына әсер етеді.

Көз жасының қызметі

Көз құрылымында жастың атқаратын қызметі өте маңызды. Алдымен ол көздің шынайнасын, көздің шатырша айнасын ылғалдандырады. Жарақат алғанда, ауырсынғанда, өзін жаман сезінгенде көздің жасы көбірек бөлінеді. Көз жасының негізгі маңызды қызметі: көз қабыршағын ылғалдандырады және өлі жасушаларды жояды, көздің шатырша айнасына құнарлы заттарды жеткізеді, көзді жуып-шаяды.

Сақтану керек

Көздегі сұйықтық азайғанда көз күйгендей әсерде болады, шаншып немесе бүріп ауырады, қышиды, көз ұяшығы құрғағандай сезімде болады. Бұл мазасыздықты жел, түтін, теледидар көру, монитор алдында көп отыру, кітап оқу одан сайын ушықтырады. Көздің көруі мұндайда төмендейді, көру дәлдігін жоғалтады. Егер де дертті дер кезінде емдемесе,  адам жарықтан қорқады, кешке қарай көздің көруі нашарлайды. Сонымен қатар, теледидар көруі қиындайды және компьютермен ұзақ жұмыс жасай алмайды. Дерттің алғашқы белгілері ретінде көзден жас қатты ағады және көз өз өңінен айырылып, түсі өңсізденеді, ағы қызарады.

Алдын алу шаралары

• Монитор алдында 5 сағаттан артық отырмаған дұрыс немесе әр 40-45 минут сайын үзіліс жасау керек. Үзілісте көзге арналған арнайы жаттығу жасаған жөн.

• Компьютермен жұмыс істегенде немесе кітап оқығанда көзді жиі-жиі қаққан дұрыс. Мұндай жаттығудан көздің іші ылғалданады және тынығады.

• Көзді қатты уқалауға болмайды. Ол көздің жұқа жасты қабықшаларына залал келтіреді.

• Химиялық тітіркендіргіш заттар мен шаңды ғимаратта көп отыруға болмайды.

Емдеу үшін бүгінде жасанды жас келтіретін препараттар қолданады. Бұл әлбетте біраз қалтаны қағады. Сол себепті мамандар кеңесіне жүгіне отырып, халықтық емге жүгінген жөн. Олар ең әуелі қол жетімді бағада және тез оң нәтижесін көруге болады.

• Көздің құрғау синдромы кезінде түймедақ пен қырмызы тұнбасы жақсы көмектеседі. Тұнбамен көзді күніне 4 рет жуады.

• Ақжелкек пен пиязды бірдей мөлшерде алып, үккіштен өткізеді. Осы ботқаны қайнаған сумен араластырып, 15 минут тұндырып қояды. Тұнбаға мақта тампонды батырып, 2 минут көзде ұстайды.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.