Борсық майы ертеден бері халықтық емде кеңінен қолданылып келеді. Әсіресе борсық майы өкпе туберкулезі, өкпенің қабынуы мен созылмалы бронхит, асқазанның ойық жарасы, он екі қарыс ішек аурулары секілді көптеген қауіпті ауруларды емдеуге жақсы нәтижелер береді.
Борсық, аю майларының пайдалы болуы, олардың қыс бойындағы ұйқы кезінде бойларына көптеген пайдалы заттарды май түрінде жинауы екен. Ол майдың құрамында:
— Жартылай құнарланған май қышқылдары (ол ағза тіндерін тамаша қоректендіреді);
— Қатерлі ісікті болдырмайтын олеин қышқылдары (зат алмасуды жақсартады);
— Түрлі минералды заттар
— А дәрумені ( онкологиялық ауруларды ескіртеді, шаш пен терінің, тырнақтың қалыпты жағдайын сақтайды);
— В дәрумені (ағза үшін ең қажетті өмірлік қуат көзі).
Туберкулез, өкпенің қабынуы, іріңді бронхит кезінде борсық майының қолдану ережесі:
— Ересектер үшін: 1-3 ас қасық борсық майын тамақтануға дейін 1 сағат алдында ішке қабыдау керек. Емдеуді 1 ай бойы жалғастырған жөн. Содан кейін 2-4 апта үзіліс жасап, дерттің ауырлығына байланысты емдеуді тағы да жалғастыру қажет. Туберкулезді емдеу үшін борсық майы ұзақ қабылданады.
— Борсық майы күйгенге, терең жарақат алғанда, буын ауруларында теріге жағу арқылы қолданылады.
— Есіңізде болсын, бауыр, өт жолдары, ұйқы безі ауыратын және жасы 6-ға толмаған балалар үшін қолдануға мүлде болмайды. Жанама әсері ретінде бөртпелер пайда болып, жүрек айнып, іш өтуі мүмкін.
Аю майы да ертеден бері Сібір, Қытай, Тибет елдерінің халық емінде маңызды рөл атқарып келеді. Оны түрі жарақаттарға жағып, асқазан жарасы мен гастрит, ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы мен ойылуын, тамақ ауруларын емдейді. Аю майы да түрлі ауруларын емдейді. Суықтау мен буын ауруларында компресс жасап қолданады.
Аю майын суықтағанда қолдану әдісі:
— Ересектер үшін таңертең ашқарынға 1 ас қасық майдан күніне 3 рет тамақтанар алдында 1 сағат бұрын қабылдау керек;
— Ұйқыға жатар алдында жылытылған маймен аурудың көкірегін, арқасын, өкпе тұсын жақсылап ысқылау керек;
— Асқазан ауру мен 12 қарыс ішек дертіне майды ішке қабылдайды. Оң нәтиже береді.
Соңғы кезде аю майы косметикалық құрал ретінде де көпке танылып келеді. Дәрігер косметологтар борсық майы мен аю майларын өзге де табиғи компоненттермен араластырып, теріні жасарту және әжімдердің алдын алу мақсатында қолдануды ұсынады. Әсіресе суық әрі желді аймақта тұратындар үшін аю майынан жасалған маскалар бетті жаман ауа райларынан тамаша қорғайды.
Есіңізде болсын, аю майының кері әсері де жоқ емес. Оны өт жолдары ауыратындар мен өтінде тасы бар науқастар ішке қабылдауға болмайды.
Дереккөз: massaget.kz