Әлем назарын жаулаған «Тақтар ойыны» сериалында қыс бірнеше жылға созылған. Осыған орай Space басылымы расымен қыстың ұзаққа созылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап іздеп көріпті.
Жердің солтүстігінде әлі қыс. Күннің сәулесі Дерге біркелкі түспейтіні белгілі. Демек, Жердің бір жартышарында қыс мезгілі болса, екінші жағында жаз. Олбанидегі Нью-Йорк Университеті Атмосфералық ғылымдар зерттеу орталығы қыстың бірнеше жылға созылуы үшін Жер Күннен алыс орбитада болуы керек. Бірақ бұл мүмкін емес. Сондай-ақ қыс мезгілінің соңына қарай Жер айналуын тоқтатса бірнеше жылға созылуы қажет.
Мұндай жағдайда Жер бетінде тіршілік иесінің тірі қалуы екіталай. Тіпті, қыста сыртқа шықпай өмір сүретін жануарлар да өледі. Дегенмен физикалық заңдылықтар бұл жағдайларға мүмкіндік бермейді, — деп жазады Space басылымы.
Дереккөз: massaget.kz