Байзақ ауданы әкімі өңірдегі түрлі саланың қызметкерлерімен кездесті

0 4

Жуырда, Н. Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында аудан басшысы Рахматілдә Рахманбердиев түрлі сала өкілдерімен кездесу өткізді. Келелі жиын барысында әрбір сала өкілдерінің ұсыныстары, сұрақтары мен олар көтерген мәселелердің шешілуі бойынша басшыларға нақты тапсырмалар берілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында сөз алған Н. Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының директоры Гүлбахрам Ермекова жыл өткен сайын білім мекемесінде оқитын оқушылар саны артуына байланысты компьютерлер жетіспеушілігі туындап отырғанын тілге тиек етсе, Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның директоры Мұхит Нәметқұлов оқу жылының соңында мектеп бітіруші түлектердің мейрамханада банкет өткізулеріне қатысты тиісті шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді.

Ақәділ Суханбаев атындағы орта мектебінің директоры Жанатбек Тұрғынбаев білім беру мекемесін күрделі жөндеуден өткізу туралы өтінішін білдірді. Кездесу барысында көтерілген мәселелерге нақты жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.