Оттегінің көп болуы қаншалықты дұрыс?

0 8

Біз тыныс алатын атмосфералық ауаның 20,9% — оттегі. Қалған бөлігі азот (78%), көмірқышқыл газы(0,03%) мен аргоннан (1%) тұрады. 

Оттегінің жетіспеушілігі денсаулыққа қаншалықты қауіпті болса, оның артық мөлшерде кездесуі де соншалықты зиян. Мысалы, тәжірибе кезінде тышқандар 30 минут бойына толық оттегіден тұратын ауамен тыныс алған. Нәтижесінде милары зақымданғаны анықталған. Көп мөлшердегі оттегіні де жылдам ішке сіңіру де ағзадағы жасушыларды өлтіретін бос радикалдардың туындауына алып келеді.

Оттегі терапиясы (емдік үрдіс) кезінде ауадағы оттегі мөлшері 60%-ға дейін жетеді. Дегенмен, ол тек қажетті жағдайда ғана жүргізіледі. Мысалы, созылмалыы өкпе дертіне шалдыққан адамға тек дәрігер рұқсатымен ғана қолдануға болады. Ал, ауадағы оттегі мөлшері 85-90% құрайтын сәт өте сирек кездеседі. Бұндай жағдай тек емделушінің өміріне қауіп төнген сәтте ғана қолданылады.

Ал, оттегіні мөлшерден сәл көбейту – адам денсаулығы үшін пайдалы. 10-20 минут бойына 30% оттегімен тыныс алу метаболизмді қалпына келтіріп, қандағы глюкоза мөлшерін азайтып, салмақтың түсуіне әсер етеді.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.