2011 жылы NBA комиссары Адам Сильвер The New York Times-ке берген сұхбатында: «Баскетболшыларға күндізгі сағат үштерде қоңырау шалып, іздеуге болмайтынын лига кеңсесіндегілердің бәрі біледі» — деген еді. Себебі бұл уақытта спортшылар ұйықтап жатады.
Күндізгі ұйқы тек спортшыларға ғана пайдалы емес екен. Циркадты физиология тұрғысында күндіз дене температурасы мен энергия деңгейі түсіп кетуге бейім. Оны қалпына келтіруге ұйқы көмектеседі.
Сағат нешеде ұйықтау керек?
Медицина маманы Кристофер Винтер баскетболшылар сияқты күндізгі сағат 15:00 шамасында көз іліп алуға кеңес береді немесе психолог-дәрігер Сара Медник жасаған интерактив кестені пайдалануға болады. Кестені дұрыс қолдану үшін, қызыл тілді (wake up time) таңертең тұратын уақытыңызға апарыңыз. Сондағы сары және көгілдір шеңберлердің қиылысқан тұсы – сіздің күндіз көз шырымын алатын уақытыңыз. Мысалы егер таңғы сағат 07:00-де тұрсаңыз, күндіз 14:00-де ұйықтау керек, ал 09:00-де тұратындар 15:00-де ұйықтайды.
Қанша сағат ұйықтау керек?
Бұған қатысты түрлі пікір бар. Мысалы Винтер 55-90 минут ұйықтауға кеңес береді. Ал ұйқы антропологы Дэвид Самсон ең дұрысы 55 минут дейді. Оның айтуынша, бастысы – жарты сағат, он бес минуттан ұйықтамау керек. Әйтпесе демалған құрлы болмайсыз.
Дереккөз: massaget.kz