Осы сұрақ баршаны ойландырады. Тіпті бұл жағдай адамның жынысы мен жасына да қарамайды. Асқазанға ас барған соң жас та, кәрі де бір мызғып алуды ойлайды. Мұндай жағдайда ағзада қандай өзгерістер болады?
Шын мәнінде ағзамыз асты қорыту үшін көп қуат жұмсайды. Сондықтан адамдар өз бойынан әлсіздікті аңғарады, тамақ бойға сіңе бастаған сәтте әлгі әсерден біртіндеп арыласыз.
Ұйқысыраудың тағы бір себебі бар екен. Астан соң ішектерде тағамды сіңіру басталғанда қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі. Мидың жасушалары энергия көзі ретінде қантты пайдаланады. Егер адам ашқұрсақ болса, ми орексинді белсендірек бөледі. Ол ұйқы шақыру процесін тежейтін зат. Ал ағзаға тамақ дарысымен оны қорыту мен сіңіру басталғанда миға бірден белгі барып, орексин бөлу тоқтап, есесіне ұйқы адамды маужыратады. Ұйқышылдық себептері:
1. Тәулік бойына суды жеткілікті мөлшерде ішпеу — ұйқы шақырады. Адам ішкен тамақтың құрамында су болуы тиіс. Ол ағзаны энергиямен қуаттандырып, ретке келтіріп отырады. Су қан мөлшерін де, қан қысымын да, жүрек соғысын да реттеуге дәнекер болады. Адамның ағзасында су азайған жағдайда қан қысымы төмендеп, тамырдың соғуы әлсірейді. Сондықтан бас айналу, шаршау, ұйқышылдық пайда болады.
2. «Ұйқы шақыратын» тағамдар. Бірқатар тағамдар құрамында триптофандар көп болады. Триптофандар — ұйқы мелатонин гормондарын бөлетін амин қышқылдары. Егер сіздің түскі ас құрамында осы заттар бар болса, оны кешкі асқа жеуді қалдыра тұрған жөн.
3. Ұйқының бұзылуы. Күніне 6-8 сағаттан кем ұйықтаған адам өзін жайсыз сезінеді. Ұйқысыздық — өте қауіпті. Алайда тәулігіне 4-5 сағат көз шырымын алып, басқа уақытта сергек жүретіндер де баршылық.
4. Асқазан толған жағдайда. Біздің ағзамыз қуатының басым бөлігін асты қорытуға жұмсайды. Осы мақсатта қан өз күшін асқазанға, ішіктерге асты тезірек қорыту процесін жеделдету үшін жұмсайды. Дәл осы жерде күрделі процестер пайда болады. Асты анықтау, қажетті заттар бөлу, тағамды барлық ағза бөліктеріне тарату. Осы кезде әлсіреу сезімдері пайда болады. Тамақты көп жеген сайын демалу, шаршау белгілері күшейеді.
5. Қуатты тамақтың күші мол. Егер тамақтан соң тынығу мүмкіндігі болмаса, онда ас мәзіріне өзгерістер енгізу қажет. Әсіресе ақуызы мол тамақтарды жеген дұрыс. Айталық суға пісірілген ет, балық, жаңғақ, қарақұмық. Олардың құрамында аминқышқылдары орексинді жақсы бөледі. Ол ас ішкен соң адамның сергек жүруіне септігін тигізеді.
6. Қандағы қанттың көбеюі. Гликемиялық индекске ие көмірсулар бізді энергиямен жедел қамтамасыз етеді. Өкінішке қарай ол қандағы қант мөлшерін төмендетіп. тез жойылып кетеді. Ағзада жағымсыз көмірсуларының көбеюі адамды шаршатып, маужыратады. Сол себепті кондитерлік, ұннан жасалатын тағамдарды көп жеп, тәтті шырындарды іше бермеген жөн. Олар қанттың көбеюіне бірден бір әсер ететін құбылыс.
7. Эволюция ерекшеліктері. Күндіз ұйқысырудың тағы бір себебі — біздің эволюциямызға байланысты. Мәселе тамақта ғана емес. Мысалы, тірі табиғаттағы жан-жануарларға назар аударыңызшы, олардың көпшілігі аласүргін жағдайда өмір сүреді. Олар таңертең және кешкілік белсенді келеді.
Түнде және тал түсте күн ыстықта міндетті түрде ұйықтайды. Осындай екі фазалы ырғақ адам бойында жоқ. Біздің түрлі жағдайда және әртүрлі жүрісіміз де осы ерекшелікпен байланысты.
Дереккөз: massaget.kz