Бастың ауыруы адамдар арасында өте жиі кездесетіні құпия емес. Біреулер басының ауырғанын шай ішпегеннен деп ойласа, басқалары компьютердің алдында ұзақ отырғанынан көріп жатады. Бас ауруының көпшілік білетін себептері аз емес: бас сақинасы ауруының болуы, далаға шықпау, күні бойы экранның алдында отыру, тұмаулату, шу және т.б. Бірақ оның сіз білмейтін жасырын себептері де бар.
1. Тұзды тамақ Қандағы натрийдің артып кетуі бүйректің су шығаруына кедергі жасайды және қысымды көтереді. Тұзы көп тағамды мөлшерден тыс жеу бас ауруын шақырады. Басыңыз жиі ауырса, дәрігерге көрініңіз. Егер денсаулығыңызда бәрі дұрыс болса, тұзды тағамды азайтып көріңіз.
2. Шашты қысып жинау Кей шаш үлгілері шашты қатты қысуды және бас терісін тартуды қажет етеді. Ол да бас ауруының бір себебі болуы мүмкін. Көптеген зерттеулер бойынша, әйелдер шаш үлгілерінің себебінен бас ауруын жиі сезінеді екен
3. Төменгі жақсүйек буынының дисфункциясы Төменгі және жоғарғы жақты байланыстыратын буын дұрыс жұмыс істемесе, ол бас ауруын шақырады. Бұл ауру ересектердің 10-20%-ында кездеседі. Бұл диагноздың бар-жоғын білу үшін тіс дәрігеріне қаралу қажет.
4. Трапециялық бұлшықеттердің қысылуы Егер арқаға күш дұрыс түспесе, жүк мойын буындарын қысатындықтан, омыртқаралық дисктер орнынан жылжиды. Ал ол бас ауруына себеп болады.
5. Глаукома (көз ауруы) Көз іші қысымының артуы көру жүйкесінің жансыздануына әкеледі. Сондықтан бас ауруы, жүрек айну, температура, жарықтан қорқу пайда болады. Глаукома белгілерін байқасаңыз, бірден көз дәрігеріне қаралу керек. Себебі бұл ауру соқырлыққа әкелуі мүмкін.
6. Көгілдір ірімшіктер Көгілдір ірімшіктер, швейцариялық грюйер, пармезан, бекон және сүрленген етте тирамин деген зат бар. Ол қысымды көтеріп, буындар мен бас ауруды шақыруы мүмкін.
Дереккөз: massaget.kz