Қарбыз дәнінің пайдасы

0 13

Көпшілігіміз қарбызды жақсы көреміз. Алайда оның ішіндегі дәнін көп жағдайда қоқысқа лақтырып жатамыз. Ал оның денсаулығымызға пайдалы екенін бәріміз біле бермейміз. Біз бүгін сіздерге қарбыз дәнінің пайдалы тұстарын айтқымыз келіп отыр. Оны ұнтақтап, шай қылып ішуге болады. Сонда ішек-қарын жолдарын тазартып, ағзамызды түрлі аурудан аман сақтап қаламыз.

Қарбыз дәні адамдарды зиянды паразиттерден құтқарады. Ол үшін оны жылы сүтке салып, араластырып бір апта таңертең және кешке ішу керек. Дәннің құрамындағы цитруллин антиоксидант секілді қызмет етеді. Себебі қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Ғалымдардың айтуынша, қарбыз дәні бүйрекке де өте пайдалы. Сонымен қатар есте сақтау қабілетін де арттырады. Дәнде А, В, С дәрумендері, темір, магний, марганец, кальций және тағы басқа элементтер бар.

Қарбыз дәнінен шай дайындаудың жолы:

4 ас қасық ұнтақталған қарбыз дәнін алып, үстіне 2 литр су құйып, 15 минут қайнатыңыз. Сол шайды екі күн ішіп, екі аптадан соң қайталауыңызға болады. Алайда бір ескеретін жайт, қарбыз тап-таза болу керек. Сондықтан өз аулаңызда өсіргеніңіз дұрыс.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.